·
Алмазоидтар дегеніміз не?
Алмазоидтар – құрылымы
мен физикалық қасиеттері
жағынан алмазға
ұқсас, бірақ
химиялық құрамы
басқа қатты материалдар (мысалы, куббор нитриді, кремний карбиді).
·
Алмаздың ерекше қасиеттері қандай?
Алмаз – ең қатты
табиғи минерал, жоғары
сыну көрсеткіші, жылу
өткізгіштігі жоғары,
электр тогын өткізбейді.
·
Алмазоидтарды қолдану салалары қандай?
Алмазоидтар кесу, бұрғылау, тегістеу құралдарында, электроникада
және қорғаныс
өнеркәсібінде қолданылады.
·
Газ
гидраттары дегеніміз не?
Газ гидраттары – төмен
температура мен жоғары қысымда
газ молекулалары (көбінесе
метан) судың кристалдық
торында "қамалып"
қалатын қосылыстар.
·
Газ
гидраттары алғаш қай жылы анықталды және кім ашты?
Газ гидраттарын алғаш
рет 1810 жылы ағылшын ғалымы сэр
Хамфри Дэви зерттеді.
·
Газ
гидраттарының құрылымдық
ерекшеліктері қандай?
Олар су молекулаларынан тұратын торлы құрылымға ие, оның ішінде газ молекулалары орналасқан (клатрат құрылымы).
·
Газ
гидраттарын пайдаланудың
қандай негізгі бағыттары бар?
Энергетикада метан көзі
ретінде, газ тасымалдау мен
сақтау жүйесінде,
климат өзгерістерін зерттеуде
қолданылады.
·
Кластер
дегеніміз не?
Кластер – өзара байланысқан
бірнеше атом немесе молекуладан тұратын шағын бөлшектер тобы.
·
Кластерлердің
парниктік газдарды сіңіру қабілеті туралы не білесіз?
Кейбір нанокластерлер көмірқышқыл газын
адсорбциялау немесе түрлендіру арқылы сіңіре алады, бұл экологиялық технологияларда қолданылады.
·
Кластерлердің
атмосфераға әсері
қандай?
Кластерлер бұлт түзілуіне, аэрозольдің
пайда болуына ықпал етеді және климатқа әсер етуі мүмкін.